×

Тоқаев Қазақстандағы су тасқынының бір себебін айтты

Ол жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды

Тоқаев Қазақстандағы су тасқынының бір себебін айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда экология және климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықтың өзектілігі арта түскеніне тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз түрлі табиғи катаклизмдердің айтарлықтай көбейгеніне куә болдық. Әлемдегі барша мемлекет бұдан орасан зор зардап шегіп отыр. Жуырда Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді. Мамандардың пікірінше, бұл табиғат апатының ауқымы жаһандық жылыну процесімен тікелей байланысты. Климаттың сын-қатерлерін жалғыз еңсеру мүмкін емес екені анық. Әлемдік қауымдастық экономиканы декарбонизациялау жөніндегі батыл қадамын жалғастыруға тиіс деп санаймын. Бірақ бұл мемлекеттердің дамуға және жаңғыруға бағытталған маңызды міндеттеріне зиянын тигізбеуі керек», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ішкі су көздерінің деградацияға ұшырау проблемасын шешу, жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бұл бағыттағы ортақ күш-жігері БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Мұздықтарды сақтаудың халықаралық жылы аясындағы мақсаттарды жүзеге асыруға ШЫҰ-ның қосқан нақты үлесі болмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр
17.07.2025ж. 09:09

АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →