×

«Жасанды жаңбыр жауғызу» үшін Алтай Айнабекке Үкімет 39 млрд бере ме – вице-министр жауап берді

Азат Сұлтанов тілшілердің сұрақтарына жауап берді

«Жасанды жаңбыр жауғызу» үшін Алтай Айнабекке Үкімет 39 млрд бере ме – вице-министр жауап берді
Фото: ашық дереккөздерден

Соңғы кездері «Қолдан жаңбыр жауғызды» деген Алтай Айнабектің әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Біреулер мұны шоу десе, енді бірі ғалымдарымызды қолдау қажеттігін айтады. Осы ретте оның Үкіметтен 39 миллиард теңге сұрағаны туралы да ақпарат тарады. Бүгін Үкімет отырысынан кейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алтай Айнабектің ұсынысынан хабарымыз бар. Біз бұл жағдайды бірнеше рет зерттедік. Тіпті шетелден арнайы мамандар да келген. Алайда бұл технологияның екінші жағы да бар екенін ескерейік. Мәселен экология. Бір жерге жаңбыр көп жауса, келесі бір жерге жаумауы мүмкін. Бұл – зиян. Сондықтан бұл зерттеуді қажет етеді», – деді Азат Сұлтанов.

Айта кетейік, бұған дейін желіде журналист Дәнеш Байболатов «Аралды құтқарамын» деген Алтайдың сөзі сылдыр суға ұқсайды» деген пост жаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →