×

Қазақстан бюджетінің 8 миллиард теңгесін шегірткелер «жеп қойған»

Қосымша бюджеттен 3,9 миллиард теңге беріледі.

Қазақстан бюджетінің 8 миллиард теңгесін шегірткелер «жеп қойған»
Фото: istockphoto.com

Биыл еліміздің бірқатар өңірін шегірткелер шабуылдап, егістік алқапқа қауіп төндіріп отыр. Қазақстан аумағында үйірлі (азиялық шегіртке, итальяндық прус және мароккалық шегіртке) және саяқ шегіртке таралған. Енді осы шегірткемен күреске бюджеттен тағы қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов бұған дейін 4,2 миллиард теңге жетпей қалғанын айтты. Енді қосымша бюджеттен 3,9 миллиард теңге беріледі.

«Болашақ егіннің түсімі дер кезінде қабылданған шегірткемен күрес шараларына тікелей байланысты болмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бағытталды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 400-ден астам арнайы техника тартылды», – дейді Олжас Бектенов.

Жалпы соңғы 5 жылда шегірткемен күреске бөлінетін қаржы көлемі 15 есе өсті. Себебі зиянкестердің таралу аумағы жылдан жылға артып келеді. 2020 жылы жарты млн гектар аумақты жайласа, биыл 2,5 млн гектар жерге таралған.

Қазір соның 2,4 млн гектары тазартылды. Тек Ақтөбе, Қостанай облыстарында нөсер жауын жауып, қатты жел соғуына байланысты улау жұмыстары кейінге шегерілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →