×

Академиктер министр Нұрбекті «Тоқаевтың тапсырмасын созбалаңға салды» деп айыптады

Жаңа ғылым академиясында тоғыз академик бар

Академиктер министр Нұрбекті «Тоқаевтың тапсырмасын созбалаңға салды» деп айыптады
Фото: informburo.kz

Академиктер ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті Президент Қасым-Жомарт «Тоқаевтың Ұлттық Ғылым академиясын (ҰҒА) трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындауды созбалаңға салып отыр» деп айыптады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанның ғылыми-академиялық саласын трансформациялау процесі әлі аяқталған жоқ әрі бұл шаруа төтенше жағдайда өткізіліп жатыр. Өйткені президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде оны қоғамдық бірлестіктен жаңа ұйымдық-құқықтық формаға трансформация жүргізу былай тұрсын, мүлде жою бағытындағы түрлі іс-әрекеттерге айналды», - делінген ҰҒА мәлімдемесінде. 

Академиктер екі жыл ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Президенттің тапсырмасын орындай алмағанына назар аударады. Мәлімдемеде академия құрамында қазір 146 академик және 74 корреспондент мүше бар екендігі аталып өтеді. 

Бір күн бұрын министр Саясат Нұрбек Президенттің шешімімен жаңа ғылым академиясы құрылғанын мәлімдеген еді. Қазір оның тоғыз академигі бар, ал бұрынғы академияның мәртебесі күшін жойған. Оның ішінде бұрынғы президент Назарбаевтың мәртебесі жоғалғаны атап өткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін, 13:23

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →