×

"Қайда бар десе – сонда барамыз": Өскеменнің әкімі Омардың қызметінен кететіні рас па

Жақсылық Омар Өскемен қаласында 2018 жылдан бастап әкім қызметін атқарады

"Қайда бар десе – сонда барамыз": Өскеменнің әкімі Омардың қызметінен кететіні рас па
Фото: ашық дереккөзден

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар «қызметіңізден кететініңіз рас па?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Сізге бір сұрақ: сізді кетеді деп жатыр. Әлеуметтік желіде жазып жатыр, - деп сұрайды журналист.

Жақсылық Омар Өскеменнің өсіп-өркендеп дамуына бар қажыр-қайратын, тәжірибесін мейлінше жұмсап жатырмыз дейді.

– Оның бір анық мысалы: жаңадан салынып жатқан Үлбі жағалауы, - дейді ол.

«Кететініңіз рас па?» деген сұраққа «кет десеңіздер, кетеміз, әр нәрсенің мерзімі, уақыты бар» деп жауап берді.

– Мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттің сарбаздары сияқты. Қай жерге барып қызмет ету керек болса, сол жерге барамыз, - дейді әкім.

«Қайда барасыз» деген сұраққа Омар «бәрін уақыт көрсетеді» деп жауап берді.

Жақсылық Омар Өскемен қаласында 2018 жылдан бастап әкім қызметін атқарады. Оның алдында Алматы облысы әкімінің орынбасары болған. Саяси карьерасы Шығыс Қазақстанмен тығыз байланысты. Сол өңірде облыс әкімі болған Бердібек Сапарбаевтың көмекшісі қызметінен бастап, орынбасарлығына дейін көтерілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Иранда зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма? СІМ жауап берді
Кеше, 14:49

Иранда зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма? СІМ жауап берді

Ол сол елдердегі отандастарымызбен байланыста екенін алға тартты. 
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бұрынғы төрағасы
Ол бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →