×

«Ата-анаңа бас ием сені тапқан» – Шымкент әкіміне тұрғындардың бірі өлең арнады

Ғабит Сыздықбеков тұрғындардың шағымын тыңдады

«Ата-анаңа бас ием сені тапқан» – Шымкент әкіміне тұрғындардың бірі өлең арнады
© Фото: Instagram/gabit_syzdykbekov

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындардың ортасына барып, шағымын тыңдады. Оның видеобөліктері әлеуметтік желіге кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкім қаланың әлеуметтік нысандарын аралау барысында жұрт оған шағымын жеткізген.

«Біз есекке ұқсап өмір сүріп жатырмыз. Бала-шағамыз бар. Есігіміздің алдын быт-шыт қылып тастаы. Түн ішінде бір префератор қосады. 17-ші үй! Бізге балалар алаңын істеп берсін! Жеті айдан бері істелген жоқ. Қопарып тастады. Жаңбыр жауса, езіліп кетіп жатыр», - дейді ол.

Сыздықбеков аудан әкіміне шағымданған тұрғынға жеке барып, мәселесімен айналысуды тапсырды.

Тағы бір ауданда тұрғындар саябақ салуға қарсылық білдірген.

«Кім сұрады саябақты? Фамилиясын айтыңызшы!? Ол скверді кім сұрады? Халық сұраған жоқ. Жағдайды жасап болған соң, оны салу керек. Халықтың сұрағаны – біріншісі емхана, екіншісі балабақша! Содан кейін автобус, газ, жарық. Ештеңе жоқ, бізге абаттандыру не керек!? Мен түсінбедім», - дейді егде әйелдің бірі.

Тұрғындардың кейбірі былтыр келген әкімді мақтайды. Тіпті бір ер адам сексенінші жылдардан бері быт-шыт болып жатқан көше Сыздықбековтің тұсында жөнделгеніне байланысты оған тұрғындар «Ғабит көшесі» деп ат қойған. 

Бір әже тіпті әкімге өлең арнап жіберген. «Ата-анаңнан айналдым сені туған» деп әйел әкімге екі шумақ өлең арнаған. Алайда оның бұл әрекетін ұнатпаған басқа тұрғындар «қойшы» деп тыйғысы келеді.

Әкім не дейді

Шымкент басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаланы кезекті аралау барысында қаланың бірқатар нысандарын көргенін айтады. Ең алдымен, ол Қаратау ауданындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметімен танысқан. Кітапхана басшылығына кітап қорын, оның ішінде шет тіліндегі балалар әдебиетін көбейтуді тапсырған.

Сондай-ақ, А-2 автожолын қайта жаңғырту жұмысының 6-7 кезеңін және Өтегенов көшесінің жөндеу жұмыстарын пысықтаған. Мердігер ұйым өкілдеріне жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру мен көгалдандыруға баса назар аудару керек екенін айтқан.

Бұдан бөлек, Тұран ауданы, “Жаңаталап” тұрғын алабындағы жаңа көпір құрылысын тексерген. Қазіргі таңда барлығы кестеге сай жүріп жатыр. Жауапты мамандарға жылдамдықты төмендетпей, жұмысты сапалы әрі уақытылы атқару міндетін жүктеген.

«Тұран ауданындағы қоқыс полигонында да болып, жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын бақыладым. Тиісті ведомство басшылығымен қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау және кәдеге жарату мәселелері талқыланды. Жаяу аралау барысында Әйтеке би, Төле би көшелерінің, “Ордабасы” алаңының, “Көл” және “Шәмші Қалдаяқов” саябағының санитарлық жағдайын тексердім. Аудан әкімдері мен тиісті сала басшыларына аумақтың санитарлық жағдайына назар аударып, кемшіліктерді тез арада түзету тапсырылды», - дейlі Ғабит Сыздықбеков жеке парақшасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →