×

Жарылған көпір, шетел журналистері жүрген Суджа – Ресейдің Курск облысында не болып жатыр

Қаладағы әлеуметтік нысандар қираған

Жарылған көпір, шетел журналистері жүрген Суджа – Ресейдің Курск облысында не болып жатыр
Ашық дереккөздерден

Украина әскері Курск облысында ілгері жылжып келеді. Оған жауап ретінде Ресей Украинаның ірі қалаларына тағы да зымыранмен атқылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Украина аспанындағы зымырандар

Курсктегі оқиғалармен қатар Ресей түнде Украинаның үстінен 8 зымыран ұшырды. Оның 5-уін және барлық 8 шахед зымыранын Украинаның әуе күштері атып түсірген. 

Украина әуе күштері жексенбіге қараған түні 2 баллистикалық және 3 қанатты зымыран, сондай-ақ ресейліктер ұшырған барлық 8 соққы дрондары атып түсірілгенін хабарлайды.

Ресей әскері Украинаға жалпы 16 зымыран мен дрон, сонымен бірге бір "Искандер-М" баллистикалық зымыраны, 2 kn-23 баллистикалық зымыранын, 2 басқарылатын х-59 авиациялық зымыранын, 3 қанатты зымыран және 8 "шахед" типті дронды атқан.

Әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Николай Полещук зымырандар мен дрондар Киев, Сумы және Полтава облыстарында атып түсірілгенін хабарлайды.

Ресейдің Ростов облысында дрондардың шабуылынан кейін мұнай базасы қайтадан жанып жатыр. Бұл жолы Пролетарскідегі кәсіпорнына 5 дронның түскені хабарланады.

Курск облысындағы оқиғалар

Курск облысында Украина әскері ілгері жылжып келеді. Киев әскері Коренево аудан орталығына кіргенін мәлімдеді. Ресей қорғаныс министрлігі Коренево маңында майдан әлі қарсылас армияны ұстап тұрғанын айтқан, бірақ Теткино елдімекенінде Ресей армиясы Сейм өзенінің шығыс жағалауында «ұйымдасқан түрде тоқтап», екі көпірді жарып жіберген.

Ресейлік пропагандасы Украинаға атом электр станцияларына шабуыл жасауға немесе "лас бомбаны"қолдануға дайындалып жатыр деген жаңа дәлелсіз айыптауларды тарата бастады. Украина СІМ бұл мәліметтерді жоққа шығарды.

Washington Post газетінің жазуынша, Ресей мен Украина Катардағы делдалдар арқылы бір-бірінің энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасамау жөнінде келіссөздерді бастауға алдын ала келіскен, бірақ Курск облысына жасалған Украина әскерін шабуыл жасағаннан кейін келіссөздер бұзылған.

Курск облысының Глушковский ауданында Украина әскерінің соққысы Сейм өзені арқылы өтетін көпірді қиратты, деп мәлімдеді жергілікті билік. Ауданның бір бөлігі Ресейден бөлініп қалған, эвакуацияны тек су жолы арқылы жүргізуге болады. Reuters әуе күштері қолбасшылығы таратқан видеоны талдай отырып, Глушководағы көпірді Украинаның әуе бомбасы қиратты деген қорытындыға келген.

Украина армиясы толық бақылауына алған Суджа қаласының видеоларын таратты. Ол жаққа шетелдік журналистерге де кіруге рұқсат берген. Суджаның жергілікті тұрғындары жертөледе күнелтіп жатыр. Қаладағы әлеуметтік нысандар қираған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →