×

Дариға Назарбаева Монакодағы концерттен кейін Алматыға келді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы марқұм ұлы Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирге қатысты

Дариға Назарбаева Монакодағы концерттен кейін Алматыға келді
Видеодан скриншот

Осыдан бір апта бұрын Монакодағы танымал актриса Шэрон Стоун ұйымдастырған өткен кештің қонағы болған Дариға Назарбаева бүгін Алматыға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы марқұм ұлы Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирге қатысты. 

«Дариға Назарбаева ел алдына шықты. Ол Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футболдан балалар турниріне қатысып жатыр», – деп жазды журналист Сырым Итқұлов.

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Сондықтан турнир биыл туған күніне орай ұйымдастырылды. AR Cup деп аталатын жарысқа балалар командалары қатысады. биыл Ресейдің Мәскеуден келген «Спартак» командасы чемпион атанды. 

Айсұлтан Рахат марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның екінші ұлы. Айсұлтан 2020 жылдың 16 тамызына қараған түні Лондонда қайтыс болды. Дариға Назарбаева былтыр Астанада өткен турнирге де келген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты
Кеше, 12:15

«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты

Айта кетейік, 2022 жылы наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.
Ол жыл басында әкім лауазымынан босатылған.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы Бішкекте өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →