×

Президент АЭС салу бойынша референдум өтетін күнді атады

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум

Президент АЭС салу бойынша референдум өтетін күнді атады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС бойынша референдум өткізілетін күнді атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент АЭС салу бойынша референдум 2024 жылдың 6 қазанында өтетінін айтты.

"Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын.

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – "Халық үніне құлақ асатын мемлекетке" тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Кеше, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →