×

Жаңа туризм және спорт министрі тағайындалды

Ол Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған

Жаңа туризм және спорт министрі тағайындалды
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан республикасының туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.

2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі.

2006-2018 жж. – «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.

2018-2020 жж. «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры қызметін атқарған.

2020-2021 жж. – Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.

2021-2023 жж - Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Ресейдегідей утилалым мөлшерлемесі өсе ме – министрлік жауабы
Кеше, 17:41

Қазақстанда Ресейдегідей утилалым мөлшерлемесі өсе ме – министрлік жауабы

Мемлекет утилалымға байланысты ставкаларды қайта өзгертуді қарастырып жатқан жоқ
Ауылдар саны статистика бойынша 75 ауылға азайған
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы ауысты
Тұрлыханов қазақстандық спортқа маңызды реформалар қажет деп есептейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →