×

Қазақстандағы әрбір кәсіпкер қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті – Ринат Зайытов

Ол қоғамда тілге қатысты дауға осы жағдайдың себеп болатынын айтады

Қазақстандағы әрбір кәсіпкер қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндетті – Ринат Зайытов
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы негізгі мәселені көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжілісмен тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша заңға мемлекеттік тілде қызмет көрсету туралы сөзді қосу керек деп отыр. Ол қоғамда тілге қатысты дауға осы жағдайдың себеп болатынын айтады.

«Қоғамда тілге қатысты мәселе бар. Мысалы, тұтынушы бір жерге келеді де «Сен неге маған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейсің?» деп айтады. Міне, осы жерде дау шығып, қоғам шулайды. Өйткені, Конституциядан басқа жерде мемлекеттік тілдің мәртебесі анықталмаған. Бұл мәселені көтергіміз де келмейді. Сондықтан заңда «Кез келген Қазақстан аумағындағы орындаушы және сатушы бірінші кезекте мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті» деп нақты жазылуы керек», – деді депутат.

Ал Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заңда қазақ тілінде қызмет көрсету мәселесі жазылғанын атап өтті.

«Мысалы, қазақ тілінде қызмет алғыңыз келсе, сізге міндетті түрде қызмет көрсетіледі. Егер олай болмаса тұтынушы ретінде арыз жазуға құқығыңыз бар. Екінші оқылымға дейін бұл мәселені қайта қараймыз», – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Ресейдегідей утилалым мөлшерлемесі өсе ме – министрлік жауабы
Бүгін, 17:41

Қазақстанда Ресейдегідей утилалым мөлшерлемесі өсе ме – министрлік жауабы

Мемлекет утилалымға байланысты ставкаларды қайта өзгертуді қарастырып жатқан жоқ
Ауылдар саны статистика бойынша 75 ауылға азайған
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы ауысты
Тұрлыханов қазақстандық спортқа маңызды реформалар қажет деп есептейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →