×

Экс-министр Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

Ол 2013-2016 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болды

Экс-министр Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: inform.kz

Бұрынғы министр Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Нидерландыдағы төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ал Асқар Жұмағалиев болса Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Еске салайық, Әбдірахманов 2013-2016 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болды. 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды
Кеше, 16:00

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің кеңсесінде өтіп жатыр.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңдік  іріктеуден өтуге тиіс
Президент Ормон хан мен Кенесары арасындағы қақтығыс жайлы да жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →