×

Дариға Назарбаеваның күйеуіне тиесілі мұнай компаниясының жағдайы жақсарды

Компания өткен жылмен салыстырғанда қаржылық жағдайын едәуір жақсартқан

Дариға Назарбаеваның күйеуіне тиесілі мұнай компаниясының жағдайы жақсарды
Фото: Сенат

Акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаланатын "Ушкую" АҚ 2023 жылғы қаржылық есепті жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құжатқа сәйкес, компания өткен жылмен салыстырғанда қаржылық жағдайын едәуір жақсартқан. Оның капитал тапшылығы әлі де қалса да, бұл көрсеткіш төмендеп, таза пайда 29,4 миллиард теңгені құраған. Бұл 2022 жылғы шығындардан кейінгі жағдайды түбегейлі өзгерткен, деп жазады Orda.kz.

2022 жылғы 1,25 миллиард теңгемен салыстырғанда 448 миллион теңгені құраған сату көлемінің төмендеуіне қарамастан, компания өз міндеттемелерін төмендетіп, жалпы қаржылық нәтижені жақсарта алған.

Аудиторлық есепті Almir Consulting компаниясы дайындады. Ол кейбір ескертулерге қарамастан, берілген деректердің дұрыстығын растап отыр. Осылайша, "Ушкую" 2023 жылды тұрақты қаржылық көрсеткіштермен аяқтады.

Дариға Назарбаеваның күйеуі Солтүстік-Батыс Жетібай мұнай кен орнына иелік ететін компания акцияларының 23% иелік етеді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – өз ұңғымасынан және басқа екі компаниядан мұнай дайындау және оны "ҚазТрансОйл"АҚ магистральдық мұнай құбырына айдау. Алайда былтырғы жыл "Ушкую" АҚ үшін барынша тиімсіз болды. Оның міндеттемелері активтерінен 96 млрд теңгеге асып түсті.

Өткен қыркүйекте компания акционерлері жалпы жиналыс өткізді. Күн тәртібінде "оңалту және банкроттық туралы" заң негізінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мәселесі тұрды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →