Хатты алғаннан кейін ресейліктерге елден кетуге 30 күн бар
Латвия билігінің саяси шешімі Чехияда қызу талқылануда. Латвияда тұрақты тұратын, бірақ латыш тілінен A2 емтиханын тапсыра алмаған Ресей азаматтары елден кетуге бұйрық беретін хаттар ала бастады. Олар мұндай хатты алғаннан күннен бастап 30 күннің ішінде кетуі тиіс, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Хаттарды Латвияның көші-қон қызметі жібереді. Олар Кеңес Одағының бұрынғы азаматтарына, негізінен 60 жастан асқан, Кеңес Одағы кезінде Латвияға келген және тәуелсіздік жарияланған соң, Латвия паспортын алмай, Ресей азаматтығын қабылдауға шешім қабылдаған адамдарға арналған.
Бұл мәселені чехиялық БАҚ қызу талқылап жатыр. Мысалы, Novinky.cz оқырмандары бұл шешіммен жалпы келісетіндерін жазған. Ал кейбіреулер тіпті ЕО-ның барлық елінде осыған ұқсас ережелерді енгізу керек деп санайды.
Бұл орыстар Латвияда ықтиярхат негізінде тұрады. Алайда олар латыш тілін білмейді және латыш мәдениетіне аса қызығушылық танытпайды. Негізінен ақпаратты ресейлік БАҚ-тан алады.
Хатты алғаннан кейін ресейліктерге елден кетуге 30 күн бар. Әйтпесе оларды күштеп депортациялау процедурасы басталады. Осы уақытқа дейін Латвия барлығы тоғыз ресейлікті күштеп қуып шыққан. Тестілеуден сүрінген тағы 632 адам көші-қон органдарының бұйрығын күтпестен өз еркімен елден кетіп, Ресейге көшкен.
Қазіргі уақытта Латвияда тұруға рұқсатын ұзарту үшін тіл емтиханынан өтпеген және құжаттарын ұсынбаған 1000-ға жуық адамға депортациялану қаупі төніп тұр. Көші-қон қызметі олардың неліктен бұлай етпегенін түсіндіруін күтуде.