×

Перуашев орынбасары Дмитрий Васильев ұсталды – партия төрағасы ақпаратты растады

Қыркүйектің басында Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин қолға түскен

Перуашев орынбасары Дмитрий Васильев ұсталды – партия төрағасы ақпаратты растады
Фото: ашық дереккөздерден

«Ақ жол» партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев өзінің штаттан тыс орынбасары болған Дмитрий Васильевтің ұсталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Azattyq Rýhy-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, қыркүйектің басында Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкин пара алғаны үшін қолға түскен. Оған пара берген адамның біреуі – депутат Азат Перуашевтің орынбасары Дмитрий Васильев екені туралы ақпарат тараған. Алайда, ешбір тарап бұл ақпаратты ресми түрде растамаған еді. Бүгін мәжіліс кулуарында Азат Перуашев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзіне берген жауабы негізінде мәліметті растады.

«Оның (Дмитрий Васильевтің – ред.) ұсталғаны туралы ақпарат өткен аптада тарады. Ол менің штаттан тыс, қоғамдық бастамалар жөніндегі орынбасарым болған соң және партияның ғимаратында отырмай, анда-санда өтетін шараларға ғана келетін болған соң, байланыспаған едік. Ақпарат тарай сала, оған телефон шалуға тырыстық, алайда, ол жауап берген жоқ. Сондықтан, мен 6 қыркүйек күні Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдап, ақпаратты не растауын не жоққа шығаруын сұрадым. Кеше олар ресми жауабында Васильевтің ұсталғанын растады. Бізге адвокаттарының байланыс нөмірлерін берді. Мен партиямыздың заңгерлеріне тапсырма беріп, мән-жайды анықтаңыздар дедім. Бүгін қандай да бір ақпарат алсақ, партияның ресми сайтына ақпарат шығарамыз», – деді Перуашев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →