×

Ауыл тұрғындары сотталып жатыр – Абзал Құспан киік мәселесін көтерді

Абзал Құспанның сөзінше, әділетсіз сотталып жатқандардың мойнында мына ғұмырларында өтеп бола алмайтындай залал бар

Ауыл тұрғындары сотталып жатыр – Абзал Құспан киік мәселесін көтерді
Фото: parlam.kz

Бірмандатты округ бойынша сайланған депутат Абзал Құспан әділетсіз сотталып жатқан қарапайым ауыл азаматтарының жағдайы жайлы Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Абзал Құспан еліміздің батыс өңіріндегі киіктің шамадан тыс көбеюі салдарынан туындаған жергілікті шаруалар мәселесін былтырдан бері тұрақты түрде көтеріп келе жатқанын, алайда Үкімет бұл мәселелерді шешуде қауқарсыздық танытқанын айтып өтті.

Оған қоса осыдан туындаған және бір мәселе – киіктің дериваттары үшін көрінеу заңсыз, әділетсіз сотталып жатқан ауыл азаматтарының жағдайы мәз емес екенін, сотталып жатқандар – қарапайым ауыл тұрғындары екенін мәлімдеді.

“Иә ағайын, киіктің дериваттары, яғни мүйізі үшін сотталып жатқандар – аң атуды кәсіп қылған  браконьерлер емес немесе ұйымдасқан қылмыстық топтар емес, қарапайым ауыл тұрғындары.
Оларды әділетсіз сотталды деуіме нақты дәлелім, мен оқып танысқан жүзден астам сот актілері. Киікті атпаған, бірақ оның мүйізін сатқан (жинаған, сақтаған, тасымалдаған) адамдарды қоршаған ортаға миллиондаған, тіпті миллиардтаған теңгеге залал келтірді деп, жаппай соттау практикасы 2021 жылдың тамыз айынан басталды. Оған негіз мына менің қолымдағы, Жоғарғы Соттың сол кездегі қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы болған Абдрашит Жүкеновтың облыстық сот басшыларына жолдаған нұсқау хаты. Хат қылмыстық кодекстің 339 бабын түсіндіру/разьяснение деп аталғанымен, мәні бойынша тікелей нұсқау формасында рәсімделген”, – дейді депутат.

Депутаттың айтуынша, киіктің өлу себебі өз ажалынан ба, табиғи апатты жағдайлар ма әлде басқа қарулы адамдар тобы атып өлтірді ме, тергеу де, сот та ол жағын анықтамайды. Одан бөлек, сот сол киіктің мүйіздерін бір тиындық құны жоқтығы себепті, қажеттілігі болмауына байланысты өртеуге үкім шығарады екен. 

“Соттың да, Үкіметтің де әрекеттерінде заң былай тұрсын, ешқандай логика жоқ!” – дейді Абзал Құспан.

Абзал Құспанның сөзінше, әділетсіз сотталып жатқан азаматтардың мойнында мына ғұмырларында өтеп бола алмайтындай залал бар, оған қоса осы мәселенің салдарынан көптеген отбасылардың шаңырағы шайқалып, ажырасуға дейін барып жатқан көрінеді.

Сонымен қатар депутат Конституцияға сәйкес, Бас прокурордан Жоғарғы сотқа жолданған ақпаратты кері қайтаруды, Жоғарғы соттың облсот төрағаларына жолдаған 2021 жылғы тамыздағы нұсқау-хаттың күшін жоюды, Қылмыстық кодекстің 339 бабы, 3 бөлігімен шыққан сот Үкімдеріне талдау жүргізіп, наразылық беруді, заңсыз сотталған азаматтардың құқығының сақталуына ықпал етуді сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
31.03.2025ж. 10:48

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →