×

Олигархтардың банкілерін еркелетіп, «Қазпоштаны» алалауды қою керек – депутат дабыл қақты

2022 жылы 33 филиал жабылған, ал 2023 жылы13 филиал жабылған

Олигархтардың банкілерін еркелетіп, «Қазпоштаны» алалауды қою керек – депутат дабыл қақты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатқанын айтып, Үкіметке жүгінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат вице-премьер Роман Склярға бағыттаған сауалында көптеген шекаралас ауылдық елді мекендерде әлі күнге дейін ұялы байланыс, интернет және пошта желілерінің жоқтығын айтты. 

«Осы аймақтарға зейнетақы жеткізіп, күнделікті түрде бұқаралық ақпарат құралдарын жеткізіп отыратын кәсіпорын «ҚазПошта». «ҚазПошта» алыс ауыл-аймақтағы азаматтарға банкінің ролін атқарып, зейнетақы жеткізіп, ақпарат құралдарын тарататын «өмір жолы». 2017 жылы белгіленген тарифтер «Қазпоштаның» шығындарын өтемейді. Қызметтің өзіндік құны 247,67 теңгені құрайды, ал мерзімді басылымдарды ауылдық жерлерге жеткізудің бекітілген тарифі – 17,6 теңге. 2022 жылдың қорытындысы бойынша шығындар 12,1 млрд теңгені, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млрд теңгені құраған, ал субсидиялар қажетті 8 млрд теңгенің 2,05 млрд теңгесін ғана жабады», – деді Ерлан Сайыров.

Жылдан жылға ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көмектің азаюына байланысты Қазпошта бөлімшелері жабылып жатыр. 2022 жылы 33 филиал жабылған, ал 2023 жылы13 филиал жабылған.

«Осы үрдісті жалғастыра отырып, 900-ге жуық бөлімше жабылуы мүмкін. Шекаралас елді мекендердегі «Қазпошта» бөлімшелерінің жабылуы мемлекеттік саясаттың осы өңірлерде әлсіреуіне әкелуі һақ! Ауылдық елді мекендерде газеттер мен журналдардың қолжетімділіктің болмауы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сияқты күрделі проблемалар  болары анық! Бүгінгі турбулентті заманда Ұлттық Қауіпсіздікті саудаға салуға салып, бюджет қаражатын үнемдеуге болмайды! Шекаралық аудандардағы «ҚазПоштаның» қызметі Ұлттық Қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі! Олигархтардың банкілерін еркелетіп, қарапайым халыққа қызмет ететін «Қазпоштаны» алалауды қою керек!» – дейді ол.

Ерлан Сайыров осыған байланысты мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ рентабельді емес тарифтерін жеткізуді субсидиялау мәселесіне назар аударып, келесі мәселелерді шұғыл шешу қажет деп мәлімдеді. Депутаттың пікірінше:

1) «Қазпоштаға» Қолданыстағы тарифтерді ұлғайту арқылы мерзімді баспа басылымдарын жеткізуді субсидиялауды ұлғайтуды көздеуі;
2)  Ауылдық жерді дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Қазпоштаға» әкімдіктердің ақшалай қаражатын орналастыру мүмкіндігін қарастыруы;
3)  Аудандық және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік ғимараттарын салу кезінде қолдау шарасы ретінде пошта бөлімшелерін өтеусіз негізде орналастыруды көздеуі керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →