×

Әміржан Қосановпен арамыз алшақтап кеткен – Ермұрат Бапи

Депутат отбасы мүшелерінің араласып тұратынын айтты

Әміржан Қосановпен арамыз алшақтап кеткен – Ермұрат Бапи
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи "4VLASTINFO" youtube-арнасына берген сұхбатында Әміржан Қосановпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, 2019 жылы сайлаудан кейін Әміржан Қосановпен арасы алшақтап кеткен.

"Әміржан Қосановтың тақырыбы жалпы маған емес,қоғамға да ауыр тақырып қой. Себебі 2019 жылғы сайлаудан кейін Қосановтың феномені пайда болды ғой. Жалпы ол сақа саясаткер ғой. Бірақ сайлаудағы жағдайдың бәрі белгілі, оны қайталамайық. Арамыз алшақтап кетті. "Жаңа Қазақстан" идеясы  Тоқаевтың бастамасы емес, біз 2019 жылы сайлауға келгенде "Жаңа Қазақстан" деп келгенбіз. Солай "Жаңа Қазақстанның" формасын құрдық. Ал өкілі Әміржан Қосанов болды. Бірақ кейіннен осындай жағдайлар болды. Артынан бізді жазғырып шықты. Сол сайлау арқылы өз кандидатымызды өткізуге қанша күш салғанымызбен бәрібір артынан кінәлі біз болып шықтық", - деді депутат. 

Дегемен, депутат отбасы мүшелерінің араласып тұратынын айтты.

"Қазір Әміржанмен той-томалақ, қазалы жерде жолыққанда аман-сәлемеміз түзу. Бір-бірімізге қас дұшпандығымыз жоқ. Дегенмен 2019 жылы мен ЖСДП партиясының төрағасы болдым да, сондай саяси жағдайға байланысты сайлаудан өтпей қалған азаматпен араластыруға тыйым салды. Саясат деген өзі сасық дүние ғой. Сондай жағдайлар болып тұрады. Сол кезден бастап арамыз алшақтағанымыз рас. Бірақ отбасы мүшелері араласып тұрады", - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады
Кеше, 14:20

Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады

Министр адамдардың 24/7 жағымсыз жаңалықтардың шабуылына ұшырайтынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →