×

Өнеркәсіпті дамытуға бөлінген 25,9 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Мемлекеттік аудит барлығы 439 млрд теңгеден астам қаржыны қамтыды

Өнеркәсіпті дамытуға бөлінген 25,9 млрд теңге тиімсіз жұмсалған
Фото: gov.kz

Жоғары аудиторлық палата өнеркәсіптік-инновациялық саланы мемлекеттік ынталандырудың тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңдеу өнеркәсібін қолдайтын негізгі даму институттары – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ және оның «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ еншілес ұйымы. 2019-2023 жылдары олар 2,4 трлн теңгеге салалық жобаларды қаржыландырды. Бұл негізінен металлургия және тамақ өнеркәсібіне, машина жасауға, сондай-ақ резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруге арналған.

Белгілі болғандай, экологиялық және инновациялық жобалар, дайын өнімдер, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіп сияқты басымдыққа ие бағыттар тиісті деңгейде қаржыландырылмаған.

«Бюджеттен ақша экономикаға белсенді инвестиция салуға және сол арқылы салық базасын кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, оны қолдауға бөлінеді. Ал сіздер сол қаражатты жедел үлестірудің орнына сақтап отырасыздар. Мемлекеттен ақша алып, оны депозиттік шоттарда ұстайсыздар, ал бұл қаражатты бюджет шеңберінде басқа да маңызды инфрақұрылымдық жобаларға бөлуге болар еді», - деді Әлихан Смайылов.

Аудит барысында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның экспорттаушыларға белгіленген шектен 1-2,5% төмен мөлшерлемемен несие беріп келген. Олар ірі бизнес және контрагенттердің айрықша тобы екені анықталып отыр. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның бес жылдағы барлық кредиттік, лизингтік және инвестициялық портфельдерінің жартысы осы артықшылық берілген топтарға тиесілі, бұл оның іс жүзінде «таңдаулы тұлғалар тобына арналған жеке банк» иелері екен. Яғни, өңдеуөнеркәсібі саласын дамытуға қаражаттың әділ бөлінбегенін айтуға болады. Бұл тәсіл мемлекеттік ресурстарды тиімсіз бөлу және қаржыландырудың арзан көзі ретінде акционерлерге дивидендтер төлеу және банктердегі депозиттерге орналастыру сияқты басқа мақсаттарға пайдалану қаупін тудырып отыр.

«Мемлекеттен қарыз алушылардың экспортты ұлғайтуға ынтасы жоқ.Нәтижесінде қолдау көрсетілген кәсіпорындардағы экспорт үлесі 2020 жылдан бастап жалпы экспорт көлемінде екі есеге, яғни 9,1%-дан 4,5%-ға дейін төмендеген. Ал ірі даму институттарымыздың бірі ретіндегі Қазақстанның Даму банкінің миссиясы – өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін ілгерілету», - деді Жоғары аудиторлық палата басшысы.

Мемлекеттік аудит барлығы 439 млрд теңгеден астам қаржыны қамтыды. Нәтижесінде:

  • 1,2 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар;
  • 25,9 млрд теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану;
  • 64 рәсімдік бұзушылық және 9 жүйелік кемшілік анықталды.

Есептеулерге сәйкес жіберіп алған пайда мен экономикалық шығындар 15,8 млн теңгені құрады.

Айта кетерлігі, мемлекеттен қаржыландырылып отырған кәсіпорындардағы экспорт үлесі төмендеп кеткен 2020 жылы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметін ақтарған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды
Кеше, 19:24

Ұлытаудан кеткен экс-әкім Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды
Бұған дейін депутат ауылдарда «Қазпошта» бөлімшелері жабылып жатқанын айтып, Үкіметке жүгінген
Астанада бой көтерген Мақтымқұлының ескерткішін екі ел арасындағы мызғымас достық пен тату көршіліктің символы деп бағалалаймын
Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне де қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →