×

«Жеткен жеріміз осы»: Қарин 1991 жылдан бері елде 1200 ескерткіш бой көтергенін мәлім етті

Ерлан Қарин таяуда зерттеу жүргізілгенін айтты

«Жеткен жеріміз осы»: Қарин 1991 жылдан бері елде 1200 ескерткіш бой көтергенін мәлім етті
Фото: gov.kz

Қазақстан Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода ономастикалық мәселелерді реттеу қолға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ерлан Қариннің сөзінше, ономастика мәселесін қазір орталықтандырылып жатыр. 

«Себебі жүйелілік жоқ. Біз көп нәрсені өңірлерге өз деңгейінде қабылдасын деп беріп қойдық. Ол бір жағынан дұрыс, бірақ идеология саласына келгенде кейбір өңірлерде жұмысты жүйелендіру керек», - дейді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин таяуда зерттеу жүргізіліп, 1991 жылға дейін және одан бері неше ескерткіш орнатылғаны саналғанын айтты. Сөзінше, 1991 жылға дейін совет үкіметінің 70 жылдық билігі кезінде елде 331 ескерткіш салынған. 1991 жылдан бері 1200 ескерткіш қойылған. 

«Біз 30 жылда кеңес билігінің 70 жылда атқармаған жұмысын үш есе атқарып шықтық. Кеңес билігі кезінде ескерткіш орнатуға құмар болғанын менсіз де жақсы білесіздер. Ауыл-ауылда орнатты. Ал біз үш есе артық ескерткіш салғанбыз. Ара-қатынас қандай? Көп жерде белгілі бір белсенді азаматтардың ығына жығылады да, қалаған адамдарына орната береді. Олардың пайдасына шешкеннен кейін басқа азаматтар «біздің аталарымыз ескерусіз қалды» деп шығады. Содан кейін әрине, ары қарай тоқтаусыз кете береді. Мұның шегі болмайды. Өйткені бәрін қамту мүмкін емес. Бір жерде бес метрлік ескерткіш бой көтерсе, екінші жерде 8 метр қылып жарысады. Ескерткіштердің биіктігімен жарысар болсақ, жеткен жеріміз осы!? Біз не мақсатты көздеп отырмыз? Бабалардың өсиетін кейінгі ұрпаққа үлгі ету үшін бе, әлде мақтан ету үшін бе?» - дейді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, қазір жұмыс жүйеленіпп, мұндай мәселелердің идеологиялық, мазмұндық, эстетикалық жағын ескеріліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →