×

Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады

Министр адамдардың 24/7 жағымсыз жаңалықтардың шабуылына ұшырайтынын айтты

Министр Саясат Нұрбек жастармен кездесуде P. Diddy жайлы сөз қозғады
Фото: amanatpartiasy.kz / Reuters

Ғылым және жоғары білім министрі қазіргі әлемнің тым нәзік екенін айта келе, қамауға алынған америкалық рэпер Шон Комбстың «күйреген империясын» мысалға келтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі әлемді сипаттайтын жаңа термин – BANI-әлем. Тез сынғыш (Brittle), мазасыз (Anxious), сызықпен жүрмейтін әрі түсініксіз (Incomprehensible). Егер сіз бұл туралы ойласаңыз, бұл іс жүзінде кәсіпкерліктің мәнін көрсетеді. Өйткені, әлемде барлық нәрсе соншалықты нәзік. Алып корпорациялар бірнеше жыл немесе бірнеше айдың ішінде құлдырап жатыр. Үлкен деңгейдегі адамдар қасықтап жинаған атақ-абыройынан бірер күннің ішінде айырылуы мүмкін. Мәселен, оған дәлел – Puff Daddy оқиғасы. (оның шын есімі Шон Комбс, қазір P. Diddy атымен танымал) Оның құрған үлкен империясы кенет күйреп жатыр. Сондықтан тұрақтылық керек. Жүйелерді құрмай, платформа жасаңыз. Иерархия жасамай, желі жасаңыз. Нәзік емес, берік дүниенің іргесін қалау керек. Ал бүгінгі күні берік нәрселер икемділікті, бейімделу қабілетін білдіреді», –  деді Саясат Нұрбек Enactus World Cup 2024 әлем чемпионатының ашылу салтанатында жастар алдында сөйлеген сөзінде.

Министр адамдардың 24/7 жағымсыз жаңалықтардың шабуылына ұшырайтынын, мазасыздыққа толы әлемде өмір сүріп жатқанын атап өтті.

«Біз үнемі 24/7 жағымсыз жаңалықтардың шабуылына ұшыраймыз. Біз басқара алмайтын, тіпті байланысымыз жоқ нәрселер туралы алаңдаймыз. Ал кәсіпкер қиындықпен күнде бетпе-бет келуі мүмкін.  Сондықтан бұл әлемді қауіпсіз етіп, тыныштандыруымыз керек.  Өйткені, кәсіпкердің өмірі әрдайым мазасыз әрі келешегі белгісіз»,  – деді министр Нұрбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Болғанынан болмағаны жақсы»: Ұранхаев өзі әкімдер рейтингін елемейтінін мәлімдеді
Бүгін, 18:38

«Болғанынан болмағаны жақсы»: Ұранхаев өзі әкімдер рейтингін елемейтінін мәлімдеді

Әкімдер рейтингінде бірінші орында Нұрлан Ұранхаев тұр
Бұған дейін Саран қаласының әкімі қызметінен босатылған
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →