×

Мемлекет басшысы Қатар Әмірімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Екі ел арасында жақсы қарым-қатынас орнап, әртүрлі саладағы байланыстар қарқынды дамып келеді

Мемлекет басшысы Қатар Әмірімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Кездесу алдында «Ақорда» резиденциясында Қатар Әмірін салтанатты қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшысына рапорт беріп, Қазақстан мен Қатардың мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өтетін залға барды.

Президент Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәниге шақыруын қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін алғыс айтты.

“Жоғары мәртебелі шейх Тәмим мырза, өзіңізбен Қазақстанда кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Менің шақыруымды қабыл алып, мемлекеттік сапармен Қазақстанға келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүгін екіжақты қарым-қатынастың ең маңызды мәселелері бойынша тиісті уағдаластықтарға қол жеткіземіз. Біз үшін Қатар Мемлекеті – Таяу Шығыстағы ең маңызды серіктес. Сондықтан қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз”, – деді Мемлекет басшысы.

Қатар Әмірі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанға  шақырғаны үшін алғыс айтып, қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

 

“Жоғары мәртебелі президент мырза, еліңізге мемлекеттік сапармен шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Екі ел арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Кейінгі жылдары  әртүрлі саладағы байланыстарымыз қарқынды дамып келеді. Бүгінгі мемлекеттік сапар аясында маусым айында Дохада өткен экономикалық форум кезіндегі бірқатар уағдаластықтарды бүгін талқылаймыз. Бұл келісімдердің мақсаты – бірнеше салада ынтымақтастықты дамыту. Бүгін біз кеңейтілген құрамда министерлердің қатысуымен осы мәселелерді жан-жақты қарастырамыз. Сондай-ақ ертең өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінің сәтті өтуіне тілектестік білдіремін”,  – деді Қатар Әмірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді
25.04.2024ж. 23:07

Украинамен соғысып жатқан Сергей Шойгу Қазақстанға келді

Ертең Қазақстан астанасында ШЫҰ елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтеді
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі
Оның өзге әріптестері бұл пікірмен келіспейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →