×

Exit poll: қазақстандықтардың қанша пайызы АЭС салуды қолдайтыны анықталды

Exit-poll мәліметтерін "Хабар" агенттігінің тапсырысы бойынша "Астана" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" қорының сарапшысы Әлібек Тәжібаев ұсынды

Exit poll: қазақстандықтардың қанша пайызы АЭС салуды қолдайтыны анықталды
Orda.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Exit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Exit-poll мәліметтерін "Хабар" агенттігінің тапсырысы бойынша "Астана" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" қорының сарапшысы Әлібек Тәжібаев ұсынды.
Қордың жүргізген exit-poll нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдаған, ал 30,2 пайызы қарсы шыққан.

 Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабардар етті.
 «Учаскелік комиссия дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, референдум учаскелеріндегі дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен 12 сағаттан аспауы тиіс. Аумақтық комиссиялар ертең таңертең Орталық референдум комиссиясын байланыстың электронды арналары арқылы дауыс берудің алдын ала қорытындысы мен санақ нәтижесін хабарлайды», - деді Константин Петров.

Айта кетейік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Кеше, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →