×

«Қақтығыстарға алып келуі мүмкін»: Сенат спикері жасанды интеллект қаупі жайлы айтты

Ол осы мәселедегі тәуекелдер туралы айтты

«Қақтығыстарға алып келуі мүмкін»: Сенат спикері жасанды интеллект қаупі жайлы айтты
Фото: Сенат

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жасанды интеллектің адамзатқа тигізер қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Адамзаттың алдында тұрған және көптеген пікірталастар тудыратын тағы бір өзекті мәселе-нейрон желілер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бүгінде цифрлық технологиялар прогресс үшін кең мүмкіндіктер ашады, бірақ сонымен қатар жаңа сын-тегеуріндерге ие", - деді Әшімбаев.

Сенат төрағасы жаңа мүмкіндіктер деструктив бағытта пайдаланылған жағдайда туындайтын үлкен тәуекелдер туралы айтты.

"Сарапшылардың пікірінше, ақпараттық саладағы басты қауіптердің бірі әдейі жалған ақпарат пен фейктердің таралуы болып отыр. Осы мақсаттарға жасанды интеллект ресурстары да тартылуы мүмкін. Бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы түрлі қақтығыстарға алып келуі мүмкін", - деді Әшімбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді
Кеше, 11:00

Тоқаев Қазақстан тауарларына баж салығын енгізуге қатысты Трампқа жауап берді

Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →