×

«Авторитаризмге қарсы шыққан бірінші депутат». Төлен Тоқтасыновты ақтық сапарға шығарып салды

Марқұммен қоштасу туған жері Семейде өтті

«Авторитаризмге қарсы шыққан бірінші депутат». Төлен Тоқтасыновты ақтық сапарға шығарып салды
Сурет ашық дереккөзден

   Белгілі саясаткер және бұрынғы мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов 2024 жылдың 5 қазанында өмірден озды . Ол соңғы жарты жыл бойы ауыр дертпен күрескен. Бүгін марқұмды туған жерінде ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

   Марқұммен қоштасу туған жері Семейде өтті. Қаралы жиында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи төменгі палатаның спикері Ерлан Қошановтың көңіл айту хатын оқып берді.

    «Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Төлен Тоқтасыновтың қайтыс болуына отбасына, туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Төлен Мұхамедиұлы әрқашан мемлекеттік мүддені биік қойып, аянбай еңбек етті. Азаматтық ұстанымға берік болып, әділеттік жолынан таймады. Қоғамдағы өзекті батыл мәселелерді батыл көтеріп, байтақ отанымыздың дамуына үлес қосты. Мәжіліс депутаты ретінде бастамашылық танытып, заңнама саласын жетілдіруге зор еңбек сіңірді. Артында өшпес із қалдырды. Көрнекті тұлғаның жарқын бейнесі адамгершілік болмысы, ұлағатты істері жақындарымыз бен халқымыздың жүрегінде мәңгілік сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы болсын», - делінген Қошановтың көңіл айту хатында.

 

Ермұрат Бапи марқұмды «Авторитаризмге қарсы шыққан бірінші депутат» деп айтты.

   «Төленге дейін Мәжілісте отырып, ешкім авторитаризмге қарсы сөз айтқан емес. Одан кейін де 2019 жылға дейін ешкім болмаған. Екінші атышулы «Қазақгейт» ісі болды. Қазақ халқының аузынан жырылып, 98 миллион доллар Швейцария банкіне тығылған кезде кімнің ұрлағанын, қайда жатқанын айтқанын үш депутаттың бірі. Үшіншісі, жер кодексі қабылдаған кезде қарсы шыққан санаулы жеті депутаттың бірі. Әйтпесе, тұлға тұтқан, Еңбек ері басқа да атақты ағаларымыз  дауыс бергенде жеті депутат қарсы болған. Соның бірі – Төлен Тоқтасынов», - дейді Ермұрат Бапи.

   Айта кетейік, Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасынов (1962-2024) – қазақстандық саясаткер, Қазақстан Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты әрі Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясы (2018 жылы Қазақстан билігі экстремистік ұйым деп таныған) партиясы құрылтайшыларының бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →