×

Депутат Зайтов ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуды талап етті

Депутаттың айтуынша, оның шыдамы шегіне жетіп, төзімі әбден таусылған

Депутат Зайтов ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуды талап етті
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов премьер-министр Олжас Бектеновтың атына ел аумағында феминита қауымдастығына шектеу қойып, ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салу туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, оның шыдамы шегіне жетіп, төзімі әбден таусылған.

«Бүгінгі жолданатын сауал – шегіне жеткен шыдамның, тапталудан төзімі таусылған намыстың, ащы дауысы деп түсініңіздер. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғалы есігінен доc та, дұшпан да еркін кіре бастады. Ол жасырын емес. Доспен табысып, бауырымыз бүтінделді деп қуанғанымызбен, арам пиғылдарын іске асыруға келген дұшпандар, жанымызды ауыртып жүрегімізді жұлуға сәл қалып тұр. Солардың бірегейі қазақ жастарын азғындатып, болашағымыздың тамырына балта шапқысы келетін әлемдік деңгейдегі жауыз ұйым – ЛГБТ мен феминита қауымдастығы», - деген депутат бұл ұйым ел жастарын азғындыққа шақырады дейді.

Яғни, Заитовтың пайымынша, бұл ұйым өкілдері қазір өңірлерді аралап, Алматыда құрылтай өткізуді жоспарлап отыр.

«Азғана уақытта жастарымызды азғындыққа жетектеген жексұрын ұйымдар бүгінде мемлекеттің әрекетсіздігінен әбден басқа шауып, төске өрледі. Өйткені, аталған ұйым өңірлерді аралап, кәмелетке толмаған ұл-қыздарымызға өз насихаттарын ашық жүргізгенде, Алматының көшелерінде өрімдей жастарды жинап алып митинг өткізгенде де, ашық сұқбаттарда басқасын былай қойып тіпті, 2 аптада 50 мыңнан астам қол жинаған Бағила Балғабаеваның бастамасымен жазылған петицияға да дабыл қағып әрқайсысына 11  Мәжіліс депутаты қол қойып, сауал жолдағанда да құқық қорғау органдары саусақ қозғалтқан жоқ. Осыдан кейін еш жазаға тартылмасына көзі жеткен азғындар күні кеше Алматыда Құрылтай өткізетінін ашық хабарлады. Әлмисақтан ел мен жердің, ұлыс пен ұлттың тағдыры талқыланатын құрылтай деген қастерлі ұғымды осынша төмендеткенде біз неге қарап қалуымыз керек?! Мемлекет басшысының өзі үйлестірген еліміздің Ұлттық Құрылтайының  маңызы мен мағынасына нұқсан келтіретін бұл феминита азғындарына неге тоқтау жоқ?! Олардың артында кім тұр, оларға қаржы бөлетін кімдер және олардың көздеген түп мақсаты не?», - дейді сауал тастаған Заитов.

Депутаттың пікірінше, құқық қорғау органдары бұл мәселеде қол қусырып отыр.

«Малғұннан асқан мыстан жоқ, Азғыннан асқан дұшпан жоқ», – екенін естеріңізге тағы салайын ендеше. Құрметті Олжас Абайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» № 31 Заңының 1 бабына сәйкес феминита қауымдастығына Қазақстан Республикасының аумағында шектеу қоюды және ЛГБТ-ны насихаттауға толықтай тыйым салуларыңызды талап етеміз», - деді депутат сөзін аяқтай отырып.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →