×

Министрлік қазақ тілін келеке еткен Станислав Черчесовтен  түсініктеме беруді талап етті

«Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?» деп сөзін бөлді

Министрлік қазақ тілін келеке еткен Станислав Черчесовтен  түсініктеме беруді талап етті
Станислав Черчесов / Фото: © Severin Aichbauer / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы видео тарады. Осыған қатысты Туризм және спорт министрлігі бұл жағдайға бейжай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Хатта мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған. Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді. Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында марқұм Амангелді Сейітханның ұлы Бегасыл Сейітхан Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойып бастайды. Бас бапкер журналистің үстіне Францияның ПСЖ клубының жейдесін киіп алғанын әзілге айналдырғысы келді ме, әйтеуір «Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?» деп сөзін бөлді. Сонан соң басын изеп, сұрағын жалғастыруға болатынын аңғартты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында әкімдер форумы өтті
Кеше, 17:14

Шығыс Қазақстан облысында әкімдер форумы өтті

Форумның екінші бөлігі семинар-тренингпен жалғасты
Депутат мемлекеттік бюджеттің тапшылығының себептерін айтты
Бұл мемлекеттік органдардың қызметіне де тиімді әсер етеді
Түркі мемлекеттері ұйымының туы алғаш рет 2012 жылы қабылданған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →