×

«Қолында ештеңе жоқ»: Еділ Жаңбыршин әкімдердің мәселесін көтерді

Әкімдерге коммуналдық мекемелерді қайтарып беру керек

«Қолында ештеңе жоқ»: Еділ Жаңбыршин әкімдердің мәселесін көтерді
Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әкімдерге коммуналдық мекемелерді қайтарып беру мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы мәжілісмен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметі және даму жоспары туралы комитеттің тақырыптық отырысында айтты. Ол Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке әкімдердің қолында адами ресурс жоғын алға тартып, осы мәселені мемлекет басшысына жеткізу керектігін айтты.

«Мен Атырауға екі-үш рет барған кезде көрдім. Су тасқыны кезінде Оралға барғанда көрдім. Кейбір елдімекендерде әкімдердің қолында ештеңе жоқ. Біз қайтадан коммуналдық кәсіпорындарды құруымыз керек. Қазіргі санитария, көгалдандырудың бәрі бәсекелестік ортаға берілген. Әкімдердің қолында бірде-бір техника жоқ. Үлкен жағдай болған кезде мобилизация жасап, сіздермен бірге қимылдайтын әкімдердің қолында бірде-бір адами ресурс жоқ. Ондай жағдайға военныйларды әкелдік. Өзіміз барып көмектестік. Олай болмау керек қой. Сіз де мемлекет басшысына айтуыңыз керек шығар. Біз әкімдерге коммуналдық мекемелерді қайтарып беруіміз керек. Әкімдер бюджеттен ақша бөлейін десе, оны атқаратын коммуналдық кәсіпорын да жоқ» - деді Еділ Жаңбыршин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
31.03.2025ж. 10:48

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →