×

Ұлттық қордағы ақшаны көбірек үнемдеп, аз жұмсау керек - экономика министрі Нұрлан Байбазаров

2030 жылы Ұлттық қорда 100 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр

Ұлттық қордағы ақшаны көбірек үнемдеп, аз жұмсау керек - экономика министрі Нұрлан Байбазаров
Primeminister.kz

2025-2027 жылдары бюджетке Ұлттық қордан қаражат аудару туралы Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды  Qaz365.kz
 

2025-2027 жылдары бюджетке қордан 4 млрд доллар бағытталады. 2025 жылғы Ұлттық қорда валюталық актив мөлшері 62,2 млрд долларға жетеді. Ал 2027 жылы 78,7 млрд долларға жетеді деген болжам бар.

“Жалпы 2030 жылға дейін 100 млрд долларлық межеге әлі 5 жыл бар. Жинақ өсу үшін көбірек үнемдеп, аз жұмсау керек. 2030 жылға қарай Қазақстан жылына шамамен 105 млн тонна мұнай шығару жоспарда бар. Оның бағасы барреліне шамамен 75 доллар болады деп болжанып отыр. Осылайша 2027 жылға қарай ұлттық қордан қаражат алу мөлшері 5 млрд долларға дейін азайту көзделіп отыр”, –  деді экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Еске салайық биыл Үкімет қордан 4 трлн теңге қаражат алды. Оның басым бөлігін әлеуметтік салаға жұмсаған. Алдағы 2 жылда да әлеуметтік мәселені шешу жалғасқалы тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Бүгін, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →