×

«Ешкімнің бетін қызартпай-ақ қояйын»: Ринат Зайытов Бектеновті сынады

Депутат: Министрлер кабинетінде сөздің бәтуасы болмауының себебі неде?! 

«Ешкімнің бетін қызартпай-ақ қояйын»: Ринат Зайытов Бектеновті сынады
Сурет: Жаслан Жумабеков

Бүгін Парламентте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқыланып жатыр.Парламент отырысында депутат Ринат Зайытов Үкімет басшысы Олжас Бектеновтен министрлер кабинетінің берген уәделерін орындай алмауының себебін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Құрметті Олжас Абайұлы, министрлер кабинетінде мемлекет басшысының тапсырмасымен 400 жайлы мектеп салыну керек еді. Ол 369-ға түсіп, оның 157-сіне әлі ақша жоқ боп отыр. 2024 жылдың сәуірінен бастап ең төменгі жалақы 85мың теңгені ұлғайту керек еді. Мұнда да қозғалыстар жоқ. 2025 жылға дейін 95 пайыз жергілікті жолдардың барлығы жөнделуі керек еді. Бұның да іске асуы неғайбыл екені белгісіз. Мұнымен келісетін шығарсыз. Тағысын-тағы жетіп жатыр. Елге берген, бізге берген уәделерді айтып, ешкімнің бетін қызартпай-ақ қояйын. Осы орайда сұрақ «министрлер кабинетінде сөздің бәтуасы болмауының себебі неде және осының алдын алу үшін сіздің алда қандай жоспарыңыз бар?» - деді Ринат Заитов.

Премьер-министр Бектенов бюджет кірістері өссе, уәделер орындалатынын айтты.

«Үкіметтің жұмысы мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған. Барлық іс-әрекетіміз соған байланысты. Бюджет қараған кезде бізге 32 трлн теңгеге өтінімдер түсті. Бірақ қолымызда бар қаражат 15 трлн теңге ғана. Осы қаражаттың шеңберінде барлық жұмыстарды ұйымдастырып жатырмыз. Біз барлық ары қарай экономикамызды дамытып, жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз керек елде. Сонда бюджет кірістері өседі, уәделер орындалатын болады»  - деді Олжас Бектенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →