×

Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады

Бұған дейін Саран қаласының әкімі қызметінен босатылған

Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады
Сурет: gov.kz

Президент Қарағанды облысының әкіміне жылыту маусымына дайындық жасамағаны үшін сөгіс жариялады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли  хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді», — деп жазды ол Facebook-парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік,  осыған дейін  13 қазанда Саран қаласында жұрт жылусыз отырғаны туралы хабар тараған. Ал 30 қазанда Саран қаласының әкімі «жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін қызметінен босатылғаны туралы жазған болатынбыз.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →