×

Алматыдағы МҚҰ ұйымдастырушыларының 32 млрд тұратын мүлкіне тыйым салынды

Олардан қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған

Алматыдағы МҚҰ ұйымдастырушыларының 32 млрд тұратын мүлкіне тыйым салынды
Сурет: Shutterstock.com

Алматыда заңсыз Микро қаржылық ұйымдардың ұйымдастырушыларының 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда. Аталған МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды.Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған.  Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі таңда МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынған.Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды. Ал қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ай сайын 1200 доллар сыйақы: Қызылордадағы "HRT" қаржы пирамидасы әшкере болды
Кеше, 10:23

Ай сайын 1200 доллар сыйақы: Қызылордадағы "HRT" қаржы пирамидасы әшкере болды

 Жобаға қатысу үшін қатысушылардан криптовалюта аудару талап етілген
Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен қарыз беріп келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →