×

Жалған фискалдық чектер: Қостанайда заңсыз несие беруші ұсталды

Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен қарыз беріп келген

Жалған фискалдық чектер: Қостанайда заңсыз несие беруші ұсталды
Сурет: newtimes.kz/ Ыдырыш Ертай

Қостанайда 100 пайызға дейінгі жылдық сыйақымен заңсыз несие беруші ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызметін атқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргіуде.

“Күдікті 2020 жылдан бастап тиісті лицензиясыз азаматтарға пайызбен және мүлік кепілдігімен «OLX» пен «Instagram» мобилді қосымшалары арқылы қарыз берген. Келісімшарт жасасу кезінде несиелік мәмілені заңды етіп көрсету үшін ол қарыз сомасын шын мәніндегі сомадан әлдеқайда көп етіп көрсеткен. Себебі бұл сомаға жылдық 100%-ға дейін баратын алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген. Осылайша күдікті жалпы көлемі 100 млн теңгеден астам қаражатты қарызға берген. Оның заңсыз әрекеттерінің салдарынан қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған. Олар қарыз алудың тиімсіз, ауыр шарттарының құрбанына айналған. Жедел қаржылық көмек іздеген олар жоғары пайыздық мөлшердер мен мүлкінен айырылу қаупі бар қаржылық тұзаққа түсткен. Заңсыз жолмен алынған табыстың көзін жасыру үшін күдікті таныс бухгалтерді тартқан. Бірігіп, олар ақшаны жылыстатудың схемасын жасап, табысты көлік жөндеу қызметімен айналысатын кәсіпорынның заңды кірісі ретінде көрсеткен.Ол үшін күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шын мәнінде жұмыс істемейтін көлік жөндеу станциясының атынан фискалдық чектер шығарып отырған. Нәтижесінде, күдікті заңсыз қызметінен түскен 60,6 млн теңгеден астам кірісті заңдастырған”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Соттың санкциясымен тәркілеу мақсатында оның пәтеріне және банктік шоттарындағы 28 млн теңге сомасындағы қаражатына тыйым салынды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы МҚҰ ұйымдастырушыларының 32 млрд тұратын мүлкіне тыйым салынды
14.04.2025ж. 11:09

Алматыдағы МҚҰ ұйымдастырушыларының 32 млрд тұратын мүлкіне тыйым салынды

Олардан қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →