×

Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді

Қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартып, олардың жалпы салған қаражаты 21 млрд теңгеден асқан

Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді
Сурет: gde-stolovaya.ru

Алматы облысында «Amanat Drive» атауымен қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді. Қаржы пирамиданың ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған, деп хабарлайды Qaz365.kz. Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 млрд теңгеден асқан. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС — пайдаланған. Аталған компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау мен болжау жүргізу секілді қызметтерді орындаған болып көрінген. Осы жалған шарттар негізінде 1,8 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған. Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды”, – делінген хабарламада

 Қазіргі уақытта, қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасуда. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Күніне 690 доллар: Ақтөбеде самокаттарға қатысты қаржы пирамидасының қызметі әшкере болды
11.06.2025ж. 10:16

Күніне 690 доллар: Ақтөбеде самокаттарға қатысты қаржы пирамидасының қызметі әшкере болды

 115 адам қаржы пирамидасына 197 миллион теңгеден астам қаражат салып үлгерген
Олар  жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен
Биыл инфляция – 10,5-12,5% аралығында болады деп болжанып отыр
 Жобаға қатысу үшін қатысушылардан криптовалюта аудару талап етілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →