×

Күніне 690 доллар: Ақтөбеде самокаттарға қатысты қаржы пирамидасының қызметі әшкере болды

 115 адам қаржы пирамидасына 197 миллион теңгеден астам қаражат салып үлгерген

Күніне 690 доллар: Ақтөбеде самокаттарға қатысты қаржы пирамидасының қызметі әшкере болды
Сурет: pixabay.com

Ақтөбе облысында «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі әшкереленіп, тоқтатылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ретінде таныстырып, күдіктілер азаматтарға жоғары табыс уәде еткен. Алайда, іс жүзінде электр самокаттарын сатумен айналыспаған. Салымшыларға төлемдер тек жаңа қатысушылардың есебінен жасалған. Салымшыларға салым сомасына байланысты күніне 12-ден 690 долларға дейін төлемдер ұсынылған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қосымша бонус уәде еткен. Нәтижесінде 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салған. Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды. Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген”, – делінген ҚМА хабарламасында.

 Қазіргі уақытта сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алаяқтар біреудің атынан рәсімдеген несие қандай жағдайда кешірілуі мүмкін
30.09.2025ж. 08:44

Алаяқтар біреудің атынан рәсімдеген несие қандай жағдайда кешірілуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың атына заңсыз рәсімделген несие жағдайында не істеу керектігін түсіндірді
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин зейнетақы ақшасын пайдалану жөнінде пікірін білдірді
Олар  жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →