×

Зейнетақы ақшасы зейнетке шыққаннан кейін берілуге тиіс – депутат Жаңбыршин

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин зейнетақы ақшасын пайдалану жөнінде пікірін білдірді

Зейнетақы ақшасы зейнетке шыққаннан кейін берілуге тиіс – депутат Жаңбыршин

Депутаттың айтуынша, зейнетақы ақшасы зейнетке шыққаннан кейін ғана азаматтарға берілуге тиіс, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат не дейді

“Зейнеткерлікке жиналған қаржы ол зейнеткерге шыққаннан бері берілген дұрыс деп есептеймін. Ертең біз оны жұмсап қоятын болсақ, ол адамның өміріне жетпей қалса қалай болады? Содан кейін мемлекетке қол жоя ма? Қаржы беру де қиын болады ғой. Сондықтан бұл мәселеге өте ұқыпты қарауымыз керек. Біз артық қыламыз деп тыртық қылып алмауымыз керек. Сондықтан менің өз басым зейнетақымды ешқайда жұмсаған жоқпын. Жұмсамаймын да. Себебі Құдай сақтасын. Енді тірі болып жатсақ, сол зейнетақының қорына мен өзім ары қарай өмір сүруім керек. Өмір бойы жұмыс жасадым. Ақшамды қор қылып жинадым. Сол үшін жинадым. Сол үшін ашылған ол қор. Сондықтан соған пайдалану керек”, – дейді Еділ Жаңбыршин.

Депутаттың сөзінше, адамдардың жағдайына байланысты мемлекет жеңілдіктер жасағаннан кейін оны алаяқтықпен басқа мақсатқа жасау дұрыс емес. Мысалы, шынында да мұқтаж адамдар болуы мүмкін.

“Бірақ бізде сол мұқтаждыққа керек затты алаяқтықпен басқа затқа пайдалану етек алып кеткен. Адамда да бір мәдениет деген болу керек қой деп ойлаймын. Сол ақшаны көрмесе өліп баратын ештеңесі жоқ. Ал енді соның кесірінен қазір көптеген адамдар зардап шегуі мүмкін”, – дейді ол.

 Еділ Жаңбыршин зейнетақы қорына салғаннан кейін оған сенім болу керек деп санайтынын айтты.

“Мен өз басым сенем, басқа енді не істейміз? Енді бәрін жұлып аламыз ба? Әділ мемлекет құрамыз дейтін болсақ, зейнетақы қорын дұрыс басқару керек. Оның қаржысын дұрыс жерге салу керек. Адамдардың ақшасын көбейту керек. Ал бірақ жаңағындай күмәнді заттарға салып, оны жойып алуға болмайды. Сондықтан бұл мәселеде мемлекет өте ұқыпты болуы керек. Ұлттық қорды, зейнетақы қорын өте қатаң бақылап, дұрыс басқаруды мемлекет қолына алуы керек. Бұл бүкіл біздің азаматтарымыздың қаржысы. Бұл елдің байлығы”, – дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

 115 адам қаржы пирамидасына 197 миллион теңгеден астам қаражат салып үлгерген
Олар  жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен
Биыл инфляция – 10,5-12,5% аралығында болады деп болжанып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →