×

Зейнетақы жинағын баспанаға пайдалану тәртібіне өзгеріс енгізілді

Тұрғын үй несиесінің пайызын, айыппұлын және басқа төлемді жабу үшін қордағы қаржыны пайдалана алмайды

Зейнетақы жинағын баспанаға пайдалану тәртібіне өзгеріс енгізілді
Ашық дереккөздерден

Зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден асатын қаражатты тұрғын үй несиесін төлеуге пайдалану бір айға тоқтатылды. Себебі, қордағы қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұрын тұрғындар зейнетақы қорындағы артық ақшасын ипотеканы толық жабу үшін пайдалана алатын. Яғни негізгі қарызды да, пайызды да, ай сайынғы төлемді де сол ақшамен жабуға мүмкіндік болған.

Енді азаматтар тек негізгі қарызды төлей алады. Яғни тұрғын үй несиесінің пайызын, айыппұлын және басқа төлемді жабу үшін қордағы қаржыны пайдалана алмайды. Бұлардың бәрін тұрғындар өз қалтасынан төлеуі тиіс.

Осыған байланысты қазір «Отбасы банк» несиені толық немесе ішінара өтеу процесін техникалық тұрғыда қайта пысықтап жатыр.

–  «Отбасы банк» 31 қаңтардан 2 наурызға дейін техникалық жұмыс атқаратын болады.  Сол уақытта БЗЖҚ «Отбасы кз»  платформасында  тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған кредитті жартылай немесе толық соманы негізгі зейнетақы қаражатымен төлейтін операция қолжетімсіз болады.Егер клиеттер 31 қаңтарға дейін үлгеріп берген болса, оны банк қарастырып, ақшасын беретін болады, – дейді "Отбасы банк" АҚ Банк өнімдерін әзірлеу басқармасының басшысы Жанболат Қалменов. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →