×

«Нағыз еркек». Мүслімді ұлым деп сахнаға алып шыққан Раим қошеметке бөленді

Ерке Есмахан: Райым 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты

«Нағыз еркек».  Мүслімді ұлым деп сахнаға алып шыққан Раим қошеметке бөленді
Сурет: instagram/ erke_esmahan

Жастар арасында Raim деген лақап атпен танымал Райымбек Бақтыгеерев Алматыдағы кешінде жұбайы Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған ұлы Мүслімді сахнаға алып шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Біздің үлкен ұл Мүслім. Қошемет көрсетіңіздер», - деп таныстырды Раим кеш барысында. Көрермен қауым әншінің бұл қадамына қолдау көрсетті. Сондай-ақ желі қолданушылары да ризашылықтарын білдіріп жатыр.
«Өз әкесі шығармаған сахнаға Раим алып шықты», «Нағыз еркек», «Өз баласындай көріп жатқаны дұрыс», «Өзгенің баласы түгіл өз баласын да бақпай жүргендер бар», - деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Раим мен Мүслім бұған дейін де бірге ән шырқаған. Оның алдында Ерке ұлы мен күйеуінің қарым-қатынасы туралы айтқан еді. 
Өнер иесінің айтуынша, үлкен ұлы туғанынан апасының қолында болған. Бірақ шаңырақ көтерген соң, Raim Мүслім «бізбен бірге тұруы керек»деген екен. Осылайша ол 11 жыл бойы бөлек тұрған ана мен баланы қосқан. 

«Раим бұрыннан мейірімді жан ғой. Қазір тіпті ғажап. Райымдай әке жоқ. Ислам бақытты бала осындай әкесі бар. Мүсліммен де қарым-қатынасы өте жақсы. Ол туғаннан анамның қасында болды. Тұрмысқа шыққан бойда Раим «Мүслім бізбен тұрады» деді. Қасымызға алдық. Міне содан бақытты жанұя болып бір шаңырақтың астындамыз. Бұрын мен қандай анамын деген ой жиі мазалайтын. Қазір қос ұлым жанымда. Райым 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты", – деп жазды Ерке.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →