×

Ақпарат министрлігі бір сторис үшін миллиондап ақша сұрайтын блогерлерді бақылай ма

Парламентте Ақпарат  және қоғамдық даму министірі Аида Балаеваға сұрақ қойылды

Ақпарат министрлігі бір сторис үшін миллиондап ақша сұрайтын блогерлерді бақылай ма
Сурет: Liter.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан журналистер блогерлер турасында сұрақ қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогерлер пәтер, көлік ойнатып жатыр. Бір сториз үшін миллиондап ақша сұрауда. Блогерлердің өмірі таусылмайтын ойынға, бизнеске айналып кетті. Мәдениет және ақпарат министрлігі оларды бақылауға ала ма? Министрге Парламентте сұрақ осылай қойылды.

«Егер олар жарнамадан бизнес ретінде ақша тапса, оның өзі заңмен реттелген. Интернет-платформалар туралы заң бар. Заң жарнаманың таңбалауын талап етеді де, сәйкесінше олар тиісті мемлекеттік органдардың есебінде тұрады», – деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, қоғамда қаржы пирамидасына байланысты аты шыққан блогерлерді халық ұмыта қоймаған. 

«Сондықтан, біздің азаматтарға қауіп төндіретін нәрсенің бәрі тиісті мемлекеттік органның бақылауында. Бақыланып, қадағаланады. Күрес белсенді түрде жүргізіледі. Қаншама рет қаржы пирамидаларын анықтап, қаншама сот шешімі қабылданды. Менен жақсы білетіндер шығарсыздар», ‐– деді Аида Балаева.

Былтыр Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сот қаулысы бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылған. Соттың хабарлауынша, Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылған. Атап айтар болсақ,  217-бап - «қаржы пирамидасын құру және басқару» және 262-бап - «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару». Ал вайнерлер тек 217-бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оларға бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →