×

«Қазақ аруы-2024»: қайта дауыс берудің нәтижесі белгілі болды

Ақкербез Ысқаққызы жеңіске жетті

«Қазақ аруы-2024»: қайта дауыс берудің нәтижесі белгілі болды
Фото: Instagram/aqkerbezm

Байқаудың алғашқы нәтижесі өзгеріссіз қалды. Жалпы 87 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазын анықтау үшін дауыс беру қайта басталатынын бұған дейін жоба продюсері Баян Мақсатқызы Instagram-дағы парақшасында жазған еді. Қайта дауыс беру нәтижесінде Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы қайтадан жеңімпаз атанды.

Ақкербезді 87 мыңнан астам дауыс берушінің 30.5 мыңы қолдаған. Екінші орынды 23.1 мың дауыспен Назерке Мырзағалиева жеңіп алды. Үшінші орыннан 10.1 мың дауыспен Ақерке Серікжан көрінді.

“Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазын анықтау кезінде бұған дейін провайдерде ақау пайда болған. Сол себепті нәтиже дұрыс шықпаған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ұйымдастырушылар 16 қараша күні дауыс беруді қайта өткізген.

Қайта дауыс беру кезінде Қызылорданың аруы титулын сақтап қалды.

“Қазақ аруы” байқауының нәтижесі бұған дейін анықталған еді. Жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы-2024” атанған. Оған тәж және арнайы шапан кигізілген. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген.

Байқаудың екінші және үшінші орны бірінші дауыс беру кезінде Алматы қаласының арулары Ақерке Серікжан мен Назерке Мырзағалиеваға бұйырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
09.10.2025ж. 13:03

Жұлдызды той: Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті

Әкесінің құрметіне Қайрат Нұртас ән шырқады. 
Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.
Заңгер журналист пен белгілі актрисаның экс-күйеуінің үстінен арыз түсірген
Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →