Блогердің әйелі телефонынан кішкентай қыздарға сезімін білдірген хаттар тауып алған
Миллиондаған оқырманы бар Оралдық блогер Қолғанат Жұмабаевтың басы “педофилиямен” дауға қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы блогердің жары Құлпынай Қалменова әлеуметтік желіге жазба жариялап, қыздардың ата-аналарына үндеу жасаған. Бірақ блогер қырындаған қыздардың анасы оның бәрін өшіруді талап етіп, сотқа шағымданатынын айтқан.
Блогердің әйелі кездейсоқ күйеуінің телефонынан кішкентай қыздарға сезімін білдірген хаттарын тауып алғанын айтады. Ол хат-хабарламаның ішінде:
“Ғашық болып қалдым ғой”, “сұлуым”, “фотоңа қарай беремін”, – деген сынды сөздер жазылған.
Артынша блогердің әйелі ажырасуға арыз берген.
“Ешқашан мен бұл адамның телефонын ақтарған емеспін. Өзімнен артық сенетінмін. Суреттерді жүктеп алайындеп телефонын ашқанымда, осындай жазбалардың еріксіз куәгері болдым. Әрі-бері айтпай-ақ қояиын деп едім. Айтуға мені енем жеткізіп отыр. Балам үшін айтамын, ажырасамын деп шештім”, – дейді блогердің жары Құлпынай Қалменова .
Блогердің балаларға арналған барбершобы бар, арасында кішкентай балалармен видеолар түсіріп тұрады. Ал блогердің өзі бұрынғы әйелім жала жапты деп полицияға шағымданған көрінеді.