×

Үшінші рет үйлендім, әйелімнің аяғы ауыр - Мұрат Әбділда

Үшінші рет үйлендім, әйелімнің аяғы ауыр - Мұрат Әбділда
Фото: әлеуметтік желіден

TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділда үшінші рет отбасы құрғанын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Мен 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым. Арада бір ай өткенде отбасын құрдым. Қамаудан құтылғаныма 5 ай уақыт өтті. Үйленгеніме 3 айдан асты. Бұған дейін екі рет шаңырақ көтергенмін. Ол кезде бала болмаған еді, – дейді Мұрат Әбділда.

Ол сәбиінің ұл немесе қыз болғаны маңызды емес, бастысы дені сау ұрпақ келсе екен деген тілегін айтты. Бірақ өзі қыз баласын жақсы көретінін жеткізді.

Еске салайық, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әлеуметтік желідегі әндерімен танымал. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →