×

Алмас Кішкенбаевтың сот отырысы өтпей қалды: Себеп?

Алмас Кішкенбаевтың сот отырысы өтпей қалды: Себеп?
әлеуметтік желі

Өткен аптада полицияға жеткізілген әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты бүгін сот отырысы өтпей қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Әншіге қатысты іс бүгін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болған.  Алайда сот отырысы белгісіз уақытқа шегерілді. Сөйтіп, Кішкенбаев бүгін сотталудан аман қалды.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Оған ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылуда. Бұл бап бойынша - “Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер” үшін жауапкершілік қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →