×

Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты

Әнші бүгін абықтыдан шықты

Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты
Фото: Instagram.com/a.kishkenbaev

Әнші 15 тәулік қамауда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әншінің өзі журналистермен сөйлесуден үзілді-кесілді бас тартқан. 

Осы айдың басында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, әншіні 15 тәулікке қамаған.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →