×

«Я подарю вам ландыши» деп әндеткен Jazzdauren «қара тізімге» енді

20 жастағы Абылаевқа «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға кіруге мерзімсіз тыйым салынған.

«Я подарю вам ландыши» деп әндеткен Jazzdauren «қара тізімге» енді
Фото: Instagram/jazzdauren

Соңғы кездері жастар арасында көптеген хит әндерді орындап жүрген Jazzdauren атты лақап есіммен танымал Жандәурен Абылаевқа Латвияға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Латвияның сыртқы істер министрі мәлім етті. Jazzdauren Даугавпилстегі концертте өнер көрсетуі керек болған.

Министр Байба Браженің X әлеуметтік желісіндегі жазбасында, 20 жастағы Абылаевқа «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға кіруге мерзімсіз тыйым салынған.

Заңның бұл бабында, егер құзыретті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді немесе Латвияға кірген кезде құқық қорғау органдарының қылмысты ашу жөніндегі жұмысына кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауына негіз болса, шетелдікті «қара тізімге» енгізуге болады делінген.

Айта кетейік, Jazzdauren-нің қазір «Я подарю вам ландыши», «Дарите женщинам цветы» сияқты орыс тіліндегі әндері қатты таралған. Одан бөлек қазақ тілінде «Әр әйел бақытты болуға лайықты», «Гүл әлем», «Адамға адам керек», «Байыса қазақ байысын» деген әндері бар. Бірақ орысша әндеріне сұраныс жоғары көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →