Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім
Танымал қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет өз жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтинг жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы, құдайға шүкір, аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. Заңға бағынам. Бірақ маған тағылған айыппен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Маған бұдан былай бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын. Айтарым осы. Аман болыңыздар, – деді Алмас Кішкенбаев.
Айта кетейік, Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған.
Бұл бап бойынша “Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер” үшін жауапкершілік қарастырылған.