×

Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті: ата-анасы танымал актерге алғыс айтты

Отбасы мүшелері Бурактың өнеріне деген сүйіспеншілігін жасырмайды.

Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті: ата-анасы танымал актерге алғыс айтты

Түркияның әйгілі актері Бурак Өзчивит Қазақстанға сапары барысында Мұхаммед есімді сәбидің тұсауын кесіп, ерекше сәтті атап өтті. Бұл қуанышты сәтті баланың әкесі Қуаныш Шынтеміров ерекше сезімін бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Мен ұлым Мұхаммедтің әкесі ретінде Бурак Өзчивиттің тұсаукесу рәсіміне қатысуын үлкен құрмет деп санаймын. Біздің отбасымыз үшін бұл — ұмытылмас сәт, себебі біз Бурак Өзчивиттің шығармашылығына жанкүйерміз,— дейді ол.

Отбасы мүшелері Бурактың өнеріне деген сүйіспеншілігін жасырмайды. Әсіресе, Қуаныштың анасы мен әпкелері актердің фильмдерін үзбей қарап, әр рөлін жоғары бағалайды.

Бурак Өзчивит тек талантты актер ғана емес, сондай-ақ ерекше харизмасы бар тұлға. Біз оның шығармашылық жолындағы жетістіктерін көріп, әлемдік сахналарда биік белестерге жетуін тілейміз, — деп қосты әкесі.

Сондай-ақ, ата-анасы ұлдары Мұхаммедтің болашақта үлкен жетістіктерге жетіп, оның бойында Бурак Өзчивит сынды еңбекқорлық, табандылық және талант сынды қасиеттердің орын алатынына сенім білдірді.

Еске салсақ, Алматыда Бурак Өзчивиттің қатысуымен өткен баспасөз конференциясын RAMS QAZAQSTAN компаниясы ұйымдастырды. Актер Алматыда түрік компаниясының бастамасымен іске асырылып жатқан ауқымды жобаның ресми елшісі болды. Бұл жобаның аясында Алматыда қырық қабатты алып құрылыс бой көтермек. Әлемдік стандарттарға сай жоба төрт жыл ішінде аяқталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Барыс» атанған балуан». Димаш Құдайбергеннің  күйеу баласы кім екені белгілі болды
01.05.2025ж. 02:31

«Барыс» атанған балуан». Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы кім екені белгілі болды

Ол 2023 жылы қазақ күресінен 74 келіге дейін салмақта «Театр барысы» атанған.
Қала аудандарында қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?
Жанкүйерлер тарапынан жаңа әнге деген қызығушылық артқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →