×

Алаяқтарға алданып үйсіз қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады

Елордада Досымжан Таңатаровтың кеші өткен. Пәтер кілті осы концерт үстінде берілген.

Алаяқтарға алданып үйсіз қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады

Былтыр Қазақстанның халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тараған болатын. Осыны естіген астаналық кәсіпкер атақты әншіге екі бөлмелі пәтер кілтін тарту етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым, - деп жазды журналист Айнұр Омар.

Елордада Досымжан Таңатаровтың кеші өткен. Пәтер кілті осы концерт үстінде берілген.

Айта кетейік, былтыр Нұрғали Нүсіпжанов жер үй сатып алуға жинаған ақшасын алаяққа беріп қойып, бүгінде өзі пәтерде жүр екен деп айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті: ата-анасы танымал актерге алғыс айтты
05.05.2025ж. 14:24

Бурак Өзчивит қазақ баласының тұсауын кесті: ата-анасы танымал актерге алғыс айтты

Отбасы мүшелері Бурактың өнеріне деген сүйіспеншілігін жасырмайды.
Ол 2023 жылы қазақ күресінен 74 келіге дейін салмақта «Театр барысы» атанған.
Қала аудандарында қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →