×

«Тау ішінде». Димаштың ерекше клипі жарық көрді

Бүгін әртіс «Тау ішінде» әніне түсірілген музыкалық видеоның тұсауын кесіп, көрермен назарына ұсынды.

«Тау ішінде». Димаштың ерекше клипі жарық көрді
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танылған Димаш Құдайбергеннің көптен күткен жаңа бейнебаяны жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бүгін әртіс «Тау ішінде» әніне түсірілген музыкалық видеоның тұсауын кесіп, көрермен назарына ұсынды. Әннің авторы - әдебиетінің класссигі, жазушы және ақын Сәкен Сейфуллин. Түрлі деректе бұл ән 1919 жылы шығарылған деген болжамдар айтылады. Әнші ақын тау ішінде аттың үстінде келе жатып шығарған. Кейіннен ән халық арасында кеңінен таралып, түрлі әншілер орындауында айтылады.

Айта кету керек, Димаш клип тұсаукесеріне орай челлендж жариялаған. Трекке түсірілген ең қызықты және көп қаралған видео үлкен сыйлыққа ие болады.

Челлендж 25 мамырға дейін жалғасады. Жүлде – Димаштың өз қалауыңыз бойынша жеке концертіне жолдама (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшу және жатын орын жүлдеге кіреді.

Қорытындысы 26 мамырда Алматыда өтетін концертте жарияланбақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ
30.11.2025ж. 15:28

«100 мың теңге шашу шашамын»: Ерке Есмахан туған күніне ақша таратпақ

Ол оқырмандарына арнап ерекше тосынсый жариялағанын айтты
Әнші тік мінезді адам болғандықтан күйеуінің бетіне айтып тастаған кездері аз болмағанын жасырмады
Көрме Еуропадағы концерттермен қатар өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →