Қазір ол 43 жаста.
Танымал «Орда» тобының мүшесі, әнші Дастан Оразбеков «Қызық Times» бағдарламасының қонақ болып, өзінің жастығын қалай сақтап жүргенін әңгімеледі, деп хабарлайды qaz365.kz.
43 жастағы өнер иесі өзін бұрынғыдан да сергек сезінетінін айтты.
Бағдарлама жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек Оразбековті өз замандастары ғана емес, жастар да пір тұтатынын атап өтті. «Сіздің жас көрінуіңіздің құпиясы неде?» деген сұраққа әнші былай деп жауап берді:
Бұл – табиғи нәрсе. Мен қазы жеймін, етпен тамақтанамын, спортпен шұғылданамын. Қазір триатлонға қатты қызығып жүрмін. Күн сайын 2 шақырым жүземін, 40 шақырым велосипед тебемін, 10 шақырым жүгіремін. Аптасына үш рет осылай жаттығу жасаймын, – деді ол.
Қазіргі таңда Дастан Италияда өтетін Ironman триатлон жарысына қатысуға дайындалып жатыр. Алайда, әншінің айтуынша, салауатты өмір салтымен қатар, жастығын сақтауға көмектесетін басты күш – махаббат.
Биыл менің жарыммен махаббатым одан сайын тереңдей түсті. Мен оған арнап екі бейнебаян түсірдім, оның өзі де сол клиптерге түсті. Ол – менің үйдегі шабыт көзім, музам, – деді Дастан.